Алматыда көлік тұрақтарының санатына қарай жерге салынатын салық мөлшерлемесі ұлғайтылмақ

АЛМАТЫ. 29 ақпан. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыда 5-сайланған қалалық мәслихаттың 3-сессиясында  «Автотұрақтар үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесінің кейбір мәселелері туралы» шешім қабылданды.

Алматыда көлік тұрақтарының  санатына қарай жерге салынатын салық мөлшерлемесі ұлғайтылмақ

 Онда арнайы баяндама жасаған Жер қатынастары басқармасының бастығы Қуанышбек Қашықбаев бірнеше ұсыныстар жасады. Олар: Саланы ынталандыру және автокөлік қою мәселесін шешу үшін автомобиль қоятын орындарды қарастыратын күрделі құрылыс нысандарын салу мөлшерлемесін ең төменгі деңгейде (2 есе) ұлғайту.  Алматы қаласында автотұрақтарды 4 санатқа бөлу және әр санатқа  арналған салық салу мөлшерлемесін белгілеу. Атап айтқанда, қызметтік көліктер және айып автотұрақтары, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен топтарға арналған автотұрақтарды 1-санатқа жатқызу және базалық мөлшерлемені ұлғайту. Жобалау құжаттамасымен  жерасты деңгейінде орналасқан немесе көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар үшн бөлінген жерлер. Сондай-ақ автомобиль қоятын орындарды немесе көпярусты автотұрақтарды қарастыратын күрделі құрылыстарды 2-санатқа жатқызу және елді мекен жерлеріне арналған  базалық мөлшерлеме бойынша  2 еселенген салық салу. Автомобильдері бар ардагерлер мен зейнеткерлердің жерүсті автотұрақтарына салынатын салық мөлшерлемесінің ұлғаюына қатысты пікірлерін ескере отырып, оларды 3-санатқа жатқызу және базалық салық мөлшерлемесін 5 есе ұлғайту. Ал 4-санатқа тәулік бойы бір орынға бірнеше көлік қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтарды жатқызу және базалық салық мөлшерлемесін 10 есе ұлғайту.