Алматыда көлік ұрлаушы қылмыс үстінде құрықталды

АЛМАТЫ. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы жол полициясының инспекторлары көлік ұрлаушыны қылмыс үстінде ұстады,

 Алматыда көлік ұрлаушы қылмыс үстінде құрықталды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы ІІБ ЖПБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ЖПБ қызметкерлері санаулы минуттар ішінде «Ниссан» автокөлігін ұрлаушыны құрықтады. Жол полициясының шолғыншы экипажы қылмыс орын алған аумақты тексеру барысында жүргізушісі жасырынуға тырысқан күдікті көлікті байқайды. Бірнеше минуттардан кейін көлік ұрлаушы ұсталды. Тәркілеу барысында одан бума кілт пен ас үйге арналған үлкен пышақ табылған.

Тергеу кезінде ұсталушы бұл қылмысты жан-жақты ойластырып, алдын ала дайындалғанын мойындады. Сондай-ақ оның Алматы облысының тұрғыны екендігі, Алматыда тұрақты жұмысы жоқ, бұрын заңды жауапқа тартылмағаны анықталған. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР ҚК 185 бабы - бөгденің көлігін заңсыз емдену бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Сонымен қатар басқа да қылмыстарға қатысы бар, жоқтығы анықталуда.