15:06, 03 Тамыз 2017 | GMT +6
Алматыда көлік үстіне ағаш құлап кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қираған ағаш жол бойында тұрған көлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыс оқиға Шагабутдинов көшесінің бойында Жамбыл көшесінен сәл төмен болған. Қалалық Құтқару қызметінің хабарлауынша, қоңырау таңғы 9:49-да түскен.
«Ағаш морт сынып, көлік үстіне құлаған. Сондай-ақ, ағаштың бұтақтары жолды жауып қалды. Оқиғадан жапа шеккендер жоқ. Көлікте ешкім болмаған», - деді Құтқару қызметінен.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар ағаш діңін көліктің үстінен жолдан алып тастады.
Актуально на 10.45. Шагабутдинова чуть ниже Жамбыла. Просто упало дерево, повезло людям. Никто не пострадал...