Алматыда көлік жөндейтін орын өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда Мұратбаев және Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан көлікке қызмет көрсету орынында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыда көлік жөндейтін орын өртке оранды

Қалалық ТЖД мәліметіне сүйенсек, 29 желтоқсан сағат 10:55-те «101» пультіне Алмалы ауданы, Мұратбаев көшесі, 203 мекенжайында орналасқан көлікке қызмет көрсету орнының өртке оранғаны туралы хабарлама түскен.

«Алғашқы өрт сөндіру машиналары 7 минуттан кейін, 11:02-де айтылған жерге жетті. Өрт сөндірушілер алынған ақпаратты растады. Өрттің аумағы анықталуда. 11:16-да толықтай ауыздықталды. Қосымша ақпарттар кейінірек беріледі», - деп хабарлады қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.