Алматыда көлікпен жарысқан мыңнан аса жүргізуші жазаланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы бәйге ұйымдастырып көлікпен жарысқан жүргізушілерді жазалауды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиевтің айтуынша, кейбір жүргізушілер көлігіне дыбыс зорайтқыш орнатып жарысуға әуес.
Бұл әрекет көпшіліктің наразылығын тудырады.
«9 айда ҚР ӘқбК 590-бабының 7-бөлімімен рұқсатсыз осындай құралдармен жабдықталған 1299 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды. 1 шілдеден бастап 15 мотоциклші жол ережесін бұзғаны үшін жауапершілікке тартылып, 74 мотоцикл айып тұрағына қойылды», - деді Жандос Мұраталиев.