Алматыда көліктен 6 миллион теңгеден астам қаржы қолды болды
АЛМАТЫ. 27 шілде. ҚазАқпарат - Алматылық ЖШС бірінің қаржы директоры басшысының тапсырмасымен 40 мың АҚШ долларын сатып алып, баллон жамау стансасына бет алған.
Ер адам көлігінің кілтін салмай, аздаған уақытқа тысқары шығып кеткен. Ал аталмыш қаржы көлемі темір тұлпар орынтағының астында болған. Бұл туралы оңтүстік астананың ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Жақын маңдағы жанар-жағармай құю стансасының бейне бақылау камерасындағы жазбаға ер адамның көліктен ақша салынған пакетті алғаны түсіп қалған.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдарының қызметкерлері баукеспенің тұлғасын анықтап, қылмысты әшкерелеу бағытында білек сыбанып, іске кірісті.