Алматыда көліктердің үстіне ағаш құлады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрақта тұрған көліктердің үстіне үлкен ағаш құлап түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оқиға Медеу ауданында, Мақатаев және Жібек Жолы көшелерінің ортасында орналасқан Зенков көшесінде болды. Куәгерлер оқиға орнынан суреттер мен видеоларды әлеуметтік желіге жүктеуде.
«Ағаш құлап, 4 көлікке зақым келді, зардап шеккендер жоқ. Шақырту түскен жерде полиция қызметкерлері, Медеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Алматы қаласының құтқару қызметі жұмыс жасауда», - деді Төтенше жағдайлар департаментінен.
