Алматыда көлікті айдап әкетуге қатысты деректің толық видеосы жарияланды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы полициясы өзіне пышақ сұққан автокөлік ұрысының видеосын жариялады. Оның іс- әрекетін көлік иесі түсіріп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жол бойында басқа азаматтың көлігіне отырып, оны кеңсе пышағымен қорқытқан. Бұл уақытта полиция қызметкерлері де келіп жетіп, ер адамды ұстады. Ұстау кезінде ол өзін-өзі жарақаттады.
«Қазір ер адам медициналық мекемеде. Күзет қойылды. ҚР ҚК-нің 200-бабы «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,- деп атап өтті ведомстводан.
Бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаменті «Ақсай» ықшамауданында ер адам көлік ұрлап, жол апатына түскені туралы мәлімдеген болатын. Оны ұстамақ болған кезде күдікті өзіне пышақ сұғып алған.
Кейін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жағдайы ауыр екенін айтты.
Видеодан алынған кадр/t.me/POLICE_of_KZ