Алматыда көліктің газ құбырына соқтығысуынан мыңдаған абонент көгілдір отынсыз қалды

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыда жолда жүру ережесін бұзған «Лексус» көлігінің жүргізушісі 1500-ге жуық жер үй мен көпқабатты 10 тұрғын үйдің абоненттерін газсыз қалдырды.

Алматыда көліктің газ құбырына соқтығысуынан мыңдаған абонент көгілдір отынсыз қалды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 5 желтоқсан күні кешқұрым Гайдар мен Кұлымбетов көшелерінің қиылысында «Лексус» көлігінің жүргізушісі диаметрі 100 мм орта қысымды газ құбырына соқтығысып, 1472 жер үй мен көпқабатты 10 тұрғын үйдің абонеттерін көгілдір отыннан ажыратты.

6 желтоқсан күні түнде апатты-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Абонеттерге газ бүгін күндіз беріле бастайды. Төтенше жағдайды жоюмен «Алматы газ желілері» АҚ-ның 10 адамынан құралған апатты бригада айналысуда.