Алматыда қолөнер шеберлерінің халықаралық рождестволық көрме-жәрмеңкесі өтеді

АЛМАТЫ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда желтоқсанның 21-25 аралығында Орталық көрме залында халықаралық рождестволық көрме - «Қуыршақ коллекциялары» және «Қолөнер жұмыстары» авторлық бұйымдардың жәрмеңкесі өтеді.

Алматыда қолөнер шеберлерінің халықаралық рождестволық көрме-жәрмеңкесі өтеді

Көрме-жәрмеңкеге өз еліміздің қолөнер шеберлерімен қатар, Қырғызстан, Украина елдерінің және Ресейдің - Мәскеу, Санкт-Петербор, Пермь қалаларының шеберлері қатысады. Келушілер назарына шеберлердің қолынан шыққан, экологиялық таза материалдардан жасалған, қайталанбас төл туындылары - әшекей бұйымдар, түрлі қуыршақтар мен үйді әсемдеуге қажетті заттар қойылатын болады.

Шараға қатысатын шеберлер саз, керамика, тас, мата, баик, былғары, жүн, әйнек және фарфор сынды әр түрлі материалдармен және түрлі техникалармен жұмыс істейді.

Қазақстандағы ең үлкен рождестволық көрме-жәрмеңкенің ұйымдастырушылары - белгілі қолөнер шеберлері Елена мен Алексей Боровиковтер.