Алматыда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында жаңа тұрғын-үй кешенінің таныстырылымы өтті
АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматының шет аймағында (Іргелі ауылы) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры бойынша «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының аясында салынып жатқан «Асыл Арман» тұрғын-үй кешенінің таныстырылымы өтті.
3-ші санаттағы 9 қабатты (2 376 пәтер) «Асыл Арман» тұрғын-үй кешені жарықты үнемдеу, бейнебақылау жүйесімен және жылы едендермен жабдықталған.
«Элитқұрылыс Жоба» ЖШС бас директордың орынбасары Виктория Маликтың сөзіне қарағанда, кешеннің ауданында инфрақұрылымды дамыту - мектептер мен ауруханаларды, балабақшаларды салу жоспарлануда.
«Жоба «ЭлитқұрылысЖоба» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке әріптестік аясында іске асырылуда. Жылжымайтын мүлік қоры бағдарламаның аясында іске асырылып жатқан жобаның тапсырушысы емес, әріптесі болып табылады. Сондықтан да біз құрылысшылар сияқты жобаны уақытнда тапсыруды көздеп отырмыз», - деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» басқармасының төрағасы Болат Палымбетов.