Алматыда комиссия сәуірде үстемеақы алатын дәрігерлердің тізімін тексеріп жатыр

Алматы әкімдігінде коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бойынша арнайы комиссия құрылған.
«Биыл наурызда 3 қауіп тобына жататын 3700-ден астам медицина қызметкеріне 1 млрд 300 млн-нан астам қаражат жіберілді. Комиссия өз жұмысын жоспарлы түрде жалғастырып жатыр. Қаладағы коронавирусқа қарсы күреске тартылған медициналық мекемелердің, инфекциялық стационарлардың, карантиндік, провизорлық стационарлардың басшылығынан, қаржылық қызметкерлерінен тізім жинақталды. Түскен материалдар комиссия мүшелерінің талқылауында жатыр. Талқылау аяқталған соң 3 қауіп тобына жататын қызметкерлерге сәуір айындағы үстемеақы төленетін болады», - деді Т.Әбілдаев.
Бұған дейін ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов қай аймақтың медицина қызметкерлеріне қанша ақша төленгенін хабарлаған болатын.