Алматыда компьютермен салынған графикалық суреттер көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін Алматыдағы «Ұмай» өнер мұражайында компьютермен салынған графикалық суреттер көрмесі ашылды.
None
None

Көрмені «39 - Қазақстан көшбасшылық бағдарламасы» бастамашыл тобы Дарынды және қабілетті балаларға арналған әлеуметтік-қайырымдылық жоба аясындағы халықаралық көшбасшылық орталығының қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Көрмеде қалалық сурет мектептерінің 17 жасқа дейінгі оқушыларының жүзден аса жұмысы қойылған. Олардың ішіндегі 20 үздік жұмысқа сыйлықтар берілмек. Марапаттау рәсімі ертең болады.

Шараның мақсаты - жас дарындарды қолдау мен жарыққа шығару, балалардың шығармашылық және сурет қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, осы шара арқылы балалардың компьютерлік графикалық шеберліктерін дамытуы үшін жақсы жағдай туғызу мен оларды қолдаушыларды тарту да көзделген.

Ұйымдастырушылар айтып өткендей, қалалық сурет мектептерінің біріне 3 компьютер орнатылады деп күтілуде. Жалпы, жоба жекелей демеушілер мен қолдаушылардың қаржысымен өткізіліп отыр. Алайда мұнда ешқандай да коммерциялық мақсаттар көзделмеген.

Соңғы жаңалықтар