13:36, 14 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда коньки тебуден жастар арасында жарыс өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматы қаласының Әуезов ауданында коньки тебуден жастар арасында спорттық сайыс өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз қысқы Азия ойындарына дайынбыз» деген атпен ұйымдастырылған бұл шара №12 ықшамауданда орналасқан мұз айдынында өткізілуде. Мақсат ? жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, қысқы спорт түрлерін дамыту, 2011 жылы Астана және Алматы қалаларында өткізілетін VII Қысқы Азия ойындарын насихаттау. Оған Әуезов ауданында орналасқан жоғары және арнайы оқу орындарының студент жастары атсалысуда. Жарыс жеңімпаздары арнайы сыйлықтар мен аудан әкімдігінің мақтау қағаздарымен марапатталмақ. Жалпы қазіргі таңда аудан аумағында 6 жоғары оқу орны мен 17 арнайы оқу орны бар, 42 381 студент білім алуда. Оның 22 506-сы - жоғары оқу орындарында, ал 20 225-і арнайы оқу орындарында оқиды.