Алматыда көңілділер мен тапқырлар клубтары арасында Премьер-лига командаларының ширек финалдық ойындары өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыда көңілділер мен тапқырлар клубтарының республикалық Премьер-лига командалары арасындағы жартылай финалдық ойынға жолдамама алған командалардың аты белгілі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдениет министрлігі, Қазақстан КВН одағы және «Есаға» шығармашылық бірлестігі бірігіп ұйымдастырған ширек финалға 28 команда қатысты. Екі күнге созылған бұл сайыста олардың 14-і жарыстың келесі кезеңіне өтті. Оның ішінде Алматыдан Қазақтың Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының - «Нар тәуекел», Қазақтың Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының - «Заңғар», Астананың «Теміржол тарландары», Тараздың - «Тараз-2000», Арыстың - «Арыс», Шымкенттің «Барыс» және Түркістандағы Қазақ-түрік университетінің құрамасы бар. Республикалық Премьер-лига командаларының жартылай финалында бақ сынайтындардың қатарына енді маусым айында Астанада өтетін сайыста тағы 2 команда қосылатын болады.

Соңғы жаңалықтар