Алматыда Конституция күніне арналған велошеру «Экстрим толқынына» ұласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Алматыда "Спорттық Алматы" жобасы аясында Конституция күніне арналған велошеру өтті. Бұл туралы қаланың спорттық және ақпарттық ХАБ-ынан хабарлады.


"Нұрлы Тау" бизнес орталығынан бастау алған 9 шақырымдық қашықтық М.Горький атындағы орталық мәдени және демалыс саябағында аяқталды. 600-ге жуық қатысушының арасында көптеген сыйлықтар ойнатылып, сертификаттар таратылды. Әуесқойлардың арасында Норвегия елінен келген "Bike for Peace" жобасының президенті Тор Ниарланд та болды. Ол 40 жыл бойы әлем үшін көптеген велоқозғалыстар ұйымдастырып, атомдық қару-жарақтарға қарсы жобалар жүргізіп келе жатқанын айтты. Сондай-ақ шетелдік мейман ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан бас тарту саясаты жайлы өз кітабына жазғанын мәлімдеді. 



«Мен осымен Қазақстанға үшінші рет келіп отырмын. Алматы қаласына кішкентай кезімде келген болатынмын. Бұл қалада әдемі жерлер өте көп. Әсіресе тауы мен тұрғындардың спортпен белсенді айналысатындығы мені тәнті етеді. Негізі осы елге Астанада болатын xалықаралық конференцияға қатысуға келгенмін. Алматыда өзіміз кеше тау жақта велошеру ұйымдастырғанбыз. Алматы қаласы әкімдігі тарапынан ұсыныс түскеннен кейін, осы велошеруге қатысуға бел будым», - деді Тор Ниарланд.

Сонымен қатар, белсенділік танытып, ерекше ұлттық костюм киген алматылықтарға "Спорттық Алматы" ұсынған фирмалық футболкалар мен 9 қыркүйек күні "Алматы Аренада" өтетін жекпе-жек кешіне билеттер берілді. Оларды "Alash pride" спортшысы Евгений Егембердиев таратты. Ал лотереяда үш велосипед ойнатылды.



Велошеруден кейін Орталық саябақ маңында эктремалды спорт түрлерінен "Extrem толқыны" BMX, скейтбординг, ролик және самокат, сонымен қатар би шоуы, попинг (1х1), хип-хоп (1х1), брейк данс (1х1, 3х3), вакинг (1х1) би түрлерінен жарыстар өз жалғасын тапты. Жалпы іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Америка және тағы да басқа елдерден 1500-ге жуық экстремалдар мен бишілер қатысты.

Би шоуының үздік командасы атанған бишілер тобы 300 мың теңгені жеңіп алды, бұл жарыстың ең үлкен ақшалай сыйақысы.



 

Соңғы жаңалықтар
telegram