Алматыда Конституция күніне арналған веложарыс өтті

trong>Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыда   Конституция күнін атап өту таңғы сағат 8.30-да қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысқан веложарыстан басталды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Достық пен әл-Фараби даңғылынан басталған жарыс әл-Фараби мен Навои көшесіне дейін жалғасты.Шараға қала әкімімен қатар оның орынбасарлары, басқарма бастықтары, белгілі кәсіпкерлер, сондай-ақ велоспортпен айналысатын кәсіби және әуесқой 200-ге жуық спортшы қатысты. «21 ғасыр» дендропаркі алдына жетіп тоқтаған велошабандоздарды қала әкімі Конституция күнімен құттықтап, жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

         «Құрметті алматылықтар, қала  қонақтары! Еліміздің Конституциясы күні құтты болсын! Бұл біз өмір сүріп отырған, біздің ел дамып, көркейіп отырған Негізгі заң. Баршаңызға мықты денсаулық, табыс тілеймін», деген әкім осындай веложарыстың дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынын атап өтті.Сондай-ақ велошабандоздарға Конституция күні құрметіне дендропарк ішінде 4,5 шақырымдық веложолды ашып берді. Қала әкімінің айтуынша,  қыркүйектің 19-да Мега орталығы жанында тағы бір веложол пайдалануға берілмек.

         «Дания халқының 31 пайызы велосипедті пайдаланады екен.Бізге де осы көрсеткішке жету керек. Бұл әрі спорт, әрі денсаулық. Бұл бағытта біз келесі жылы қалада веложолдар салуға кірісетін боламыз», деді А.Есімов.

Соңғы жаңалықтар