10:08, 28 Тамыз 2017 | GMT +5
Алматыда Конституция күніне орай мектеп оқушылары арасында жүзуден қалалық біріншілік өтеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Конституция күніне орай 1999-2005 жылғы балалар мен жасөспірімдер арасында жүзуден қала біріншілігі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған чемпионат жүзу спортын дамыту үшін өткізіліп тұрады. Қалалық чемпионат ҚР Жүзу федерациясы және Халықаралық жүзу федерациясының регламентіне сәйкес өтеді.
Жарысқа БЖСМ, БЖСМОР, ДБИМ және Алматының спорт клубтарына қатысып жүрген спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Біріншіліктің бағдарламасына 100 метр баттерфляй, 200 метр еркін жүзу, 200 метр арқамен жүзу, 200 метр брасс және 200 метр комплекстік жүзу кіреді.
Бұл чемпионат Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтетін болады.
Жеңімпаздармен жүлдегерлерге дипломдар және медальдар табысталады.