Алматыда Конституция күніне орай веложарыс өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 30 тамыз - ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай веложарыс өтеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қатысушылар 30 тамыз күні таңертең 7 сағат 30 минутта Халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені алдына жиналады. Жарыс сағат 8:00-де басталады. Мәре сызығы Орталық стадионның алды» - делінген хабарламада.

«Сұңқар» шаңғы трамплиндері кешені алдынан шыққан велошабандоздар әл-Фараби даңғылына түсіп, батыс бағытта Розыбакиев көшесіне дейін барып, сол көшемен төмен қарай Абай даңғылына дейін жарысады, одан әрі Абай даңғылы бойымен шығысқа қарай бағыт алып Орталық стадионда мәреге жетеді.

Осыған байланысты аталған бағыттарда көлік қозғалысы шектеледі. Сондықтан ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын жарыс өтетін күні қалада жүретін бағыттарын алдын ала реттеп алуларын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар