Алматыда көп балалы аналарға зообаққа кіру бір ай бойы тегін болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алдағы қыркүйек айында көп балалы аналар үшін зообаққа кіру бір ай бойы тегін болады. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық хайуанаттар бағының баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматыда көп балалы аналарға зообаққа кіру бір ай бойы тегін болады

«Алматыда 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 30 қыркүйекке дейін көп балалы отбасылар үшін жергілікті хайуанаттар бағына кіру тегін болады. Яғни, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрынырақта «Батыр ана» атағына ие болған, бірінші және екінші дәрежедегі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған, 18 жасқа дейінгі балалары бар аналар зообаққа тегін кіре алады.    

Ол үшін зообақтың кассасына тиісті куәлікті көрсету қажет. Сондай-ақ, кассадан бір рет тегін отбасылық фотоға түсуге купон алуға болады», - делінген хабарламада.

Ана күні - әлемде кеңінен атап өтіледі. Бұл мереке ресми түрде 2012 жылы бекітілген және жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.