18:24, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматыда көп салалы аурухана ашылды
АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жаңадан ашылған 300 кереуетті көп салалы ауруханада болды.

Қала әкімі медицина тұлғаларымен тілдесе келе, мұндай аурухана Алматыда жалғыз екендігін жеткізді. «Бұл жерде республиканың өзге жерінде жоқ ең соңғы үлгідегі жабдықтар бар. Ендігі басты мәселе бұны тиімді пайдалану. Науқастардың кәсіби медициналық көмек алу үшін арнайы дайындалған мамандар керек. Соңғы екі жылда қалада 8 денсаулық сақтау мекемесі бой көтерді, оның ішінде сирек кездесетіні осы аурухана»,-деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Қазіргі уақытта аталған мекемеге жаңа жабдықтар орнатылып, мамандарды оған әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Аурухананың құрылыс жобасы 10 миллиард 941 миллион теңгені құраған. Сонымен қатар 3,4 миллиард теңге медициналық жабдықтар алынған.