Алматыда көп сериялы шытырман оқиғалы «001-ші жүк» деп аталатын фильмнің түсірілімі басталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/- Алматыда көп сериялы шытырман оқиғалы «001-ші жүк» деп аталатын фильмнің түсірілімі басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильм» студиясының бірінші түсіру күні кеше «Ретро шлягер» клубында кешке қарай өтті.

8 сериялы фильмнің режиссері Игорь Вовнянко, продюсері Қанат Төребай. Фильмге Досқан Жолжақсынов, Нұржұман Ықтымбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Линда Ниғматуллина, Ивар Кальнынш сынды танымал актерлер түсетін болады.

Фильм режиссері Игорь Вовнянконың айтуынша, «Фильмнің астарында ядролық қарудан бас тарту идеясы жатыр. Оның ішінде Семей ядролық полигонының жабылуы, ядролық қаруды жою және тағы да басқа бастамалар бар», деді Игорь Вовнянко.

Соңғы жаңалықтар