Алматыда көпбалалы аналардың қолынан шыққан өнімдерді сататын дүкен ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Isker ana» дүкені ашылды. Бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Дүкенде көпбалалы аналарының қолынан шыққан өнімдер сатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бақытты отбасы» орталығында көпбалалы аналар жаңа кәсіп түрін игеріп, қолжетімді гранттардың арқасында өз бизнесін ашу мүмкіндіктеріне ие болды.

Айта кету керек, жаңадан ашылған дүкендегі барлық өнім «Isker ana» оқу орталығында дайындалады.

Орталықта тігін және киіз шеберханасы бар. Люневиль кестелері, құрақ көрпе, тоқыма, ұлттық киім тігу бойынша оқу курстары өткізіледі. Тамыз айында ғимарат жөнделді. Жаңа жабдықтар орнатылып, техникалық жабдықтау кеңейтілді.

Еске салайық, «Isker ana» оқу орталығында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың аналары, мүмкіндігі шектеулі әйелдер бизнес және маркетинг бойынша курс оқиды.

Осы жылы Алматыда «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру аясында, 117 көпбалалы және 574 аз қамтылған аналарға өз бизнесін ашу және бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 АЕК-ке дейін грант берілді.

Дүкен Сүйінбай даңғылындағы 263-үйде орналасқан.


Соңғы жаңалықтар