Алматыда көпірден құлаған әйел ауруханада көз жұмды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпірден құлаған 41 жастағы әйел ауруханада көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Қайғылы оқиға кеше таңертең сағат 11:30-дар шамасында болған.

Әйел адам Б.Момышұлы мен Райымбек даңғылы қиылысындағы көпірден құлап кеткен.

Болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнекадрда орта жастағы әйел адам қара жолда қозғалыссыз жатқаны көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем алып кеткенде ол тірі болған.

«Әйел жедел жәрдеммен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін барын салды. Біраз уақыттан соң алған жарақаттарының ауырлығынан ол есін жимастан қайтыс болды», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Полицияның хабарлауынша, 41 жастағы әйел адамдарға арналған жаяу жүргіншілерге арналған жолүсті көпірінен секіріп кеткен. Тергеушілер әйелдің өз өмірін қиюға бет бұруы мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар