Алматыда көпірден құлаған қызды көлік қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жас қыз жаяу жүргіншілерге арналған көпірден құлаған. Жерде жатқан бойжеткенді көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда көпірден құлаған қызды көлік қағып кетті

Бұл оқиға бүгін түскі сағат 13:00 шамасында Алтын Орда базары маңында болған.

Қалалық полиция қызметкерлері қыздың өзі секіріп кеткенін, я болмаса абайсызда құлап кеткенін тексеріп жатыр.

«Бұл дерек бойынша тексеру жүруде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Бойжеткен тірі қалған. Оны ауруханаға ауыр жағдайда жедел жәрдем алып кетті.