15:57, 16 Қазан 2017 | GMT +5
Алматыда көпірден құлаған жігіт өлім аузында жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көпірден құлаған жігіт өте ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Қазір науқас №7 аурухананың жансақтау бөлімінде 2-дәрежелі комада жатыр.
Түскен кезде аурухананың мультидисциплинарлық командасы науқасты қарап, барынша көмек көрсетті.
Оның басы жарылған, көкірек қуысының ағзалары мен өкпелері зақымданған, бас сүйегі сынған. Жігіт жарақаттан кейін 3 дәрежелі шок алған.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 13-қазанда болған еді. Саин көшесіндегі көпірден ер адам құлап кеткен еді .
Полиция оқиғаның мән-жайын тексеруде.