Алматыда көпқабатты ғимараттың шатыры өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда көпқабатты ғимараттың шатыры өртенді

«16 қаңтар күні сағат 08:55-те Алматы қаласы бойынша ТЖД-нің 101 пультіне Медеу ауданы, Жібек Жолы 64 мекен жайы бойынша орналасқан 8 қабатты ғимараттың шатырынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру қызметі аталған мекенжайға 8 минут ішінде, яғни сағат 09-03-те барды. Қосымша ақпарат алдағы уақытта хабарланатын болады», деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймухамбетова.