Алматыда көпқабатты тұрғын үйдегі өртте екі адам мерт болды, 20-сы қауіпсіз аумаққа шығарылды
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше сағат 02.54-те Алматы қаласының Әуезов ауданында Тайгүл шағынауданындағы тоғыз қабатты үйдің 6-шы қабатында орналасқан пәтерде өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Жалын сағат 04.14-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. 20 адам, соның ішінде 5 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт орнында екі адамның мәйіті (жеке тұлғалары анықталмаған) табылды.