Алматыда көпқабатты үйдің күзетшісін атқан, полиция күдіктіні іздеуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісі аңшылыққа арналған мылтықтан жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Куәгерлер оқиға болған жерді видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Бейнежазбада «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адамға мылтықтан оқ атылғаны айтылады.

Полиция департаментінің мәліметінше, Тұрғын үй кешенінің күзетшісі («Бұхар Жырау Тауэрс») мен белгісіз ер адамның арасында туындаған жанжал салдарынан күзетшінің аяғы, алдын ала мәлімет бойынша, аңшылық мылтықтан жараланған. Ол ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер күдіктіні іздеу жұмыстарын жүргізуде.


Соңғы жаңалықтар