Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды
АЛМАТЫ. Қазақпара - Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты.
«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым»,- деп жазды ол.
Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы, «Шұғыла» ықшамауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.