Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 1 әйел қаза тапты

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматыда көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 1 әйел қаза тапты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Бүгін Алматыда көппәтерлі 2 қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен шыққан өрт 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Тілсіз жауды сөндіру барысында пәтерден 58 жастағы әйелдің денесі табылды.

2 сағатқа созылған өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 10 маманы мен 3 техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар