Алматыда Кореяның денсаулық сақтау саласымен әріптестік орнатуға арналған жиын өтті

/strong>Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда Корея Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының ұйымдастыруымен халықаралық «KOREA GLOBAL HEALTCARE» конференциясы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға қатысушылар денсаулық сақтау саласында екі ел арасындағы екіжақты әріптестіктің дамуына Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бактың Қазақстанға 2009 жылдың мамыр айында жасаған сапары түрткі болғандығын атады.

Корея Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының президенті Ким Боп Ван қазіргі таңда Корея мемлекеті денсаулық саласы бойынша Азиядағы озық мемлекеттердің бірі болып табылатындығын және әлемдегі клиникалық сынақтардың ең көбі осы елде өткізілетіндігін айтып өтті. «Қазіргі таңда біздің ел ем қабылдаудың заманауи технологияларын пайдалана отырып шетелден келген науқастарды қабылдауда. Осы уақытқа дейін 63 мың шетелдік азамат ем қабылдау мақсатында бізге қаралған. Алғаш Сингапур тұрғындары жүгінсе, одан кейін АҚШ, Ресей және жапондықтар келе бастады», дейді Ким Боп Ван.

Кореядан келген мамандар нақты диагностика, сертификатталған дәрі-дәрмек, көпжылдық тәжірибе мен емдеудің заманауи технологиялары бойынша ем қабылдаудың артықшылқтарын айтып, Кореяда тиімді бағаға емделуге болатындықтарын жеткізді.

Сонымен қатар Кореяда медициналық қызметтің жалпы құны АҚШ және Еуропа елдері ұсынған бағадан 20-30 пайызға төмен екен.

Аталмыш шараға католик университеті жанындағы Әулие Мария госпиталі, "Кенгхи" емханасы, "Кенбук" университеті жанындағы емхана, "Сунчонхян", "Инха" емханалары мен "Часенг" Шығыс медицинасы емханасы өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар