Алматыда көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтеді

АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда қыркүйектің 9-ы күні Қазақстан Жазушылар одағы үйінде «Көркемсөз оқу шеберлері» атты байқау өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауды Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады.

«Мақсат - республикадағы танымал ақын-жазушылардың шығармаларын насихаттауды жандандыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар арасында туған тілге деген сүйіспеншілік туғызу. Көркем шығармаларды насихаттай отырып, халық арасынан дарынды, талантты жастарды іздеп-тауып, көркемсөз оқу өнерінде жаңа есімдер ашу болып табылады, жеңімпаз Астана қаласында өтетін республикалық байқауға қатысуға жолдама алады», дейді  Тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу - әдістемелік орталығының менеджері Азамат Қасымов. Оның айтуынша, байқауға 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысады. Қатысушылар прозалық, драмалық, поэзиялық шығармалардан үзінді оқудан бақтарын сынайды.

Байқауда Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздары өз өнерлерін көрсетеді. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамына танымал жазушылар мен өнер қайраткерлері кіреді. Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар