Алматыда көркемсөз оқудан байқау өтті

 АЛМАТЫ. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -Алматыда  Алмалы ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Көркемсөз оқу шеберлері»  атты байқау өтті,

Алматыда көркемсөз оқудан байқау өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талантты жастарды іздеп табу мақсатында осындай шаралар өткізіп жатырмыз», дейді ұйымдастырушылар.

Байқауға Алмалы ауданының 15-30 жас аралығындағы талапкерлер қатысты. Байқауға қатысушылар прозалық, драмалық, поэзиялық шығармалардан үзінді оқып, өз шеберліктерін көрсетті. Бірінші орынды №62 гимназияның 10 сынып оқушысы Байсеріков Бақтияр жеңіп алды. Екінші орынды №36 гимназияның оқушысы Қожагелді Мөлдір иеленсе, үшінші орынды осы гимназияның әскери дайындық пәнінің ұстазы Баекеев Ердос еншіледі.

Байқау "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" шыққан жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.