Алматыда көрнекті қайраткер Владимир Ни ақтық сапарға шығарып салынды
Қайраткерді ақтық сапарға шығарып салуға мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдар мен бизнестің, сондай-ақ корей диаспорасының өкілдері келді. Мемлекет басшысының атынан марқұмның отбасына және туған-туыстарына жолданған көңіл айту жеделхатын Алматы әкімі Ахметжан Есімов оқып берді.
Марқұмның жақын достары мен серіктерінің атынан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев сөз сөйледі.
Ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне сондай-ақ, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков, Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен ҚР Үкіметінің өкілдері қатысты.