Алматыда көрнекті мемлекет қайраткері Д.Қонаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған шахмат пен бильярдтан турнир өтеді
АСТАНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - 27 сәуірде Алматы қаласында Ұлы даланың ұлы перзенті - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған шахмат пен бильярдан турнир өтеді, деп хабарлады осы шараны ұйымдастыру алқасы.
Сондай- ақ көрнекті қайраткердің мерейтойына орай марафон, бокстан республикалық турнир, Қонаев атындағы жыр мүшәйрасы және үздік көркем туындылар үшін ақын-жазушылар арасындағы бәйге өткізу көзделіп отыр.
Қайраткердің туған жері - Алматы облысындағы Бақанас ауылында Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған ас берілмек.