Алматыда корновирус жұқтырған 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінен кейінгі 93 науқастың қатарына тағы 16 адам қосылды, олардың бәрі вирус жұқтырған жандармен қарым-қатынаста болғандар. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда корновирус жұқтырған 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр

«Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус індетін жұқтырған науқастар саны 109-ға жетті. 16 науқастың біреуінің жағдайы ауыр, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Олардың бәрі де коронавирус жұқтырғандығы расталғанда станционарда оқшауландырылған еді», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабараламада.

Төрт науқас «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген бір жолаушымен байланыста болған. Олардың біреуі науқастың анасы, 2009 және 2017 жылы туған екі баласы және бір байланыста болған адам.

«Екеуі – 16 наурызда Стамбулдан, екеуі – 10 наурызда «Мәскеу – Алматы» рейсімен ұшып келген, тағы біреуі – 13 наурызда Берлин рейсімен жеткен, енді біреуі вирус жұқтырған адаммен байланыста болған»,-делінген хабрламада.

Алматыда коронавирустан емделіп шыққандардың жалпы саны – 19.

Олардың бәрі қазіргі таңда 14 күндік үй карантинінде.