Алматыда «Корона» дәмханасы өртенді, 200 шаршы метр аумақ күлге айналды
АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда «Корона» дәмханасы отқа оранып, ғимараттың 200 шаршы метрден астам аумағы күлге айналды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
13 маусым күні Алматыда бөлек тұрған бір қабатты «Корона» дәмханасында өрт болды. Жалын 260 шаршы метр аумақты жайпады. Оқиға орнынан 10 адам құтқарылды. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Алматы қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 34 адамы мен 7 техникасы айналысты.