Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты - Бекшин
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегополистегі коронавируспен сырқаттанушылық жағдайына баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Алматыда эпидеиологиялық жағдай тұрақты.
«Тәуліктік өсім көрсеткіші 0,006% құрайды, таралу индексі 1-ден төмен. Биылғы қыркүйек айында барлығы 165 КВИ жағдайы тіркелді (106 симптоматикалық және 59 симптомсыз), сондай-ақ 194 этиологиясы белгісіз пневмония. Эпидемиологиялық зерттеулер барысында КВИ ошақтарында 305 байланыс анықталды, оның 3 жағдайы ПТР әдісімен анықталды»,– деді Жандарбек Бекшин.
Өткен тәулікте коронавкирус инфекциясының 1 жағдайы тіркелді, соның ішінде симптомдық -0, симптомсыз- 1, этиологиясы белгісіз пневмония-1.
«Озық зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, бұрын пневмонияның 48,4%-ға жуығы яғни 247 пациенттің қорытынды сараптамалары тереңірек зерттелді. Зерттеу барысында 35 (14%) COVID-19 диагнозы анықталса, 87-сі (35%) - бактериялық пневмония»,– деді ол.