Алматыда коронавирус көрсеткіші 2 есе өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус көрсеткіші 2 есе өсті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус көрсеткіші 2 есе  өсті

«Алматыда төтенше жағдай аяқталғаннан кейін адамдар қала сыртынан, қала ішінен жұмысқа келіп жатыр. Солардың арасынан коронавирус жұқтырғандар шығуда. Өткен аптада ауру көрсеткіші 2 есе көбейді. Біздің инфекциялық стационарларда үлкен қысым болып жатыр. Мұның барлығы диагностикалық потенциалды күшейтуді талап етеді», - деді Жандарбек Бекшин.