Алматыда коронавирус жұқтырған 133 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
20 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 309 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 294, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 99
«Инфекциялық стационарларда 1 201 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3179), оның ішінде 32 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 133 адам жатыр.
Ал 28 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 71 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 668 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2566 науқас. 102 адамда коронавирус белгілері жоқ.