Алматыда коронавирус жұқтырған 154 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 139 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 154 бала ауруханада жатыр

18 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 580 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 147, келіп түскені – 195.

«Инфекциялық стационарларда 1 139 адам бар (төсек-орын - 2380 ). Оның ішінде 154 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 58 адам жатыр.

Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 18 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 7 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7 152 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 6764 науқас. 388 адамда коронавирус белгілері жоқ.