Алматыда коронавирус жұқтырған 166 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 5 765 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 166 бала ауруханада жатыр

26 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 561 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1467, симптомсыз – 94 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 633, келіп түскені – 578.

«Инфекциялық стационарларда 5765 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 166 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 469 адам жатыр.

Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 196 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 216 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 868 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 369 науқас. 499 адамда коронавирус белгілері жоқ.