Алматыда коронавирус жұқтырған 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1 788 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 179 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

28 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 426 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 408, симптомсыз – 18 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 270, келіп түскені – 173

«Инфекциялық стационарларда 1 788 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 53 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 179 адам жатыр.

Ал 35 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 86 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 51 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 448 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 190 науқас. 159 адамда коронавирус белгілері жоқ.