Алматыда коронавирус жұқтырған 188 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 6 074 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 188 бала ауруханада жатыр

17 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 403 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1319, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар –603, келіп түскені – 771.

«Инфекциялық стационарларда 6 074 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910), оның ішінде 188 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 434 адам жатыр.

Ал 65 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 188 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 194 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 532 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 988 науқас. 543 адамда коронавирус белгілері жоқ.