Алматыда коронавирус жұқтырған 2,3 мың науқас ауруханада жатыр
21 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 498 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 470, симптомсыз – 28 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 288, келіп түскені – 222.
«Инфекциялық стационарларда 2 337 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 111 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 229 адам жатыр.
Ал 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 103 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 68 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5078 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4938 науқас. 140 адамда коронавирус белгілері жоқ.