Алматыда коронавирус жұқтырған 20 бала ауруханада жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 793 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда коронавирус жұқтырған 20 бала ауруханада жатыр

11 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 146 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 136, симптомсыз – 10 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 89, келіп түскені – 81

«Инфекциялық стационарларда 792 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 20 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 81 адам жатыр.

Ал 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 44 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1418 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1345 науқас. 73 адамда коронавирус белгілері жоқ.