Алматыда коронавирус жұқтырған 2155 науқас телемедицина орталығының бақылауында

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 140 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

13 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 350 адам коронавирус жұқтырған.

«Инфекциялық стационарларда 140 адам бар. (Төсек-орын 300)», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 155 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайдағы науқастар – 1985.

Симптомсыз 170 науқас бар.


Соңғы жаңалықтар