Алматыда коронавирус жұқтырған 229 бала ауруханада жатыр

12 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1507 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1417, симптомсыз – 90 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 701, келіп түскені – 792.
«Инфекциялық стационарларда 5 833 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 229 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 397 адам жатыр. Ал 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 161 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 164 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 694 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 153 науқас. 541 адамда коронавирус белгілері жоқ.