Алматыда коронавирус жұқтырған 246 бала ауруханада жатыр

15 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1503 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 419, симптомсыз – 84 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 256, келіп түскені – 483.
«Инфекциялық стационарларда 6 294 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 8 910 ), оның ішінде 246 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 434 адам жатыр. Ал 67 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 178 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 176 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 13 127 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 564 науқас бар. 563 адамда коронавирус белгілері жоқ.